ҚГЗИ ұжымы өз қызметкерін шын жүректен құттықтайды

ҚГЗИ ұжымы әріптесіміз Абай Тоқсанбайды «Дін философиясы және дінтану» (Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, Ресей) мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін алу бойынша диссертациясын табысты қорғауымен шын жүректен құттықтайды. Кәсіби мансабыңызды одан әрі жетілдіре түсуге және дамуға тілектеспіз.
Қатарымызда білім беру мен кәсіби біліктілігін арттыруға мән беретін әріптестеріміздің болғанына өте қуаныштымыз. Дәл сіз секілді тұлғалар біздің ұйымның ғана емес, еліміздің үміт күтер келешегі болады деген сенімдеміз.
Ізгі тілекпен, ҚГЗИ ұжымы!